Біз Қазақстандағы адал сайлауды қолдаймыз!

Қазақстандық бағдарламашылар кез-келген сайлауларда, атап айтқанда осы жолғы 2021 жылғы мәжіліс пен мәслихат сайлауларында бұрмалаулардың алдын алу және бақылауда ұстау мақсатында "Дауыс" платформасын дайындап шығарды.

Telegram-дағы чат-бот арқылы платформада тіркеліңіз!

«Дауыс» мәліметтері бойынша Мәжіліс пен Мәслихат сайлауының нәтижелері
10 қаңтар 2021 жыл

13.01.2021 күні
Өкінішке орай, Дауыс платформасында сайлаушылар өте аз тіркелді, ал дауыстар одан да аз қалдырылған. Деректерді бұрмалауды тексеру үшін жеткіліксіз.

Біз алынған деректерге толық талдау жүргіздік:
  • Сайлаушылар көбінесе өз дауыстары мен бюллетеньдерін жіберген кезде дауыс беру деңгейлерін дұрыс көрсетпеді: олар өңірлік (облыстық) сайлауды аудандық деп, және Мәжілісті шатастырды;
  • Сайлаушылардың бір бөлігі Мәжіліске (немесе басқа деңгейге) 2-3 бюллетень бейнеленген бір ғана фотосуретті, яғни басқа деңгейдегі бюллетеньдері бар фотосуретті жіберді;
  • Әр түрлі аккаунттардан бюллетеньдердің бірдей көшірмесін жіберу байқалды. «ADAL» партиясына берілген дауысы бар осындай бір көшірме. «Ақ Жол» партиясына дауыс берген үш аккаунт.

«Дауыс» жүйесінің әкімшілері мұндай қателерді қолмен түзетті:
  • екі немесе одан да көп бюллетеньдері бар фотосуреттер тиісті деңгейге бөлініп, орналастырылды;
  • бюллетеньдері бар, барлық дауыстар дұрыс деңгейлер бойынша сұрыпталған, көшірмелері жойылды.

Бірінші тармаққа ерекше назар аударған жөн, яғни бюллетеньдермен расталған қате деңгейлер бойынша бөлінген дауыстарды біз сұрыптадық, бірақ бюллетеньдермен расталмаған дауыстарды сайлаушылар да шатастыруы мүмкін және оны ешқандай жолмен тексеру мүмкін емес.

МӘЖІЛІС САЙЛАУЫ

партия барлық дауыс бюллетеньдермен
Қазақстан Халық партиясы 320 53,42% 4 10,26%
«Nur Otan» партиясы 54 9,01% 1 2,56%
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 24 4,01% 2 5,13%
«Ақ Жол» Демократиялық партия 112 18,7% 27 69,23%
«ADAL» Саяси партия 89 14,86% 5 12,82%
қолдаушылар мен қарсылар
Партия үшін 599 94,78% 39 73,58%
Барлығына қарсы (бюллетень бүлінген) 33 5,22% 14 26,42%
келу барлығы
Сайлауға қатысты 632 96,78% 653 53 бюллетень
Сайлауға бармады 21 3.22%

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТҚА САЙЛАУ

партия барлық дауыс бюллетеньдермен
Қазақстан Халық партиясы 60 32,97% 0 0%
«Nur Otan» партиясы 25 13,74% 0 0%
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 14 7,69% 2 20%
«Ақ Жол» Демократиялық партия 51 28,02% 6 60%
«ADAL» Саяси партия 32 17,58% 2 20%
қолдаушылар мен қарсылар
Партия үшін 182 92,39% 10 71,43%
Барлығына қарсы (бюллетень бүлінген) 15 7,61% 4 28,57%
келу барлығы
Сайлауға қатысты 197 95,63% 206 14 бюллетеней
Сайлауға бармады 9 4,37%

ӨҢІРЛІК МӘСЛИХАТҚА САЙЛАУ

партия барлық дауыс бюллетеньдермен
Қазақстан Халық партиясы 64 31,22% 4 12,90%
«Nur Otan» партиясы 29 14,15% 1 3,23%
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 12 5,85% 2 6,45%
«Ақ Жол» Демократиялық партия 68 33,17% 20 64,52%
«ADAL» Саяси партия 32 15,61% 4 12,90%
қолдаушылар мен қарсылар
Партия үшін 205 91,93% 31 79,49%
Барлығына қарсы (бюллетень бүлінген) 18 8,07% 8 20,51%
келу барлығы
Сайлауға қатысты 223 96,12% 232 39 бюллетеней
Сайлауға бармады 9 3,88%

Платформа өз даусын растайтын сайлаушыларға арналған. Ол үшін бюллетенінің суретін жіберіп, шағын форманы (аймақты, учаскені, кімге дауыс берілгенін көрсету) толтыру қажет.

Жаңалықтарды сайттағы немесе біздің Telegram-дағы чат-бот арқылы қадағалаңыз. Сайлау алдында платформамен жұмыс істеу туралы егжей-тегжейлі нұсқаулықтар береміз.

Дауыстардың бұрмалануын болдырмау үшін тек қазақстандық нөмірлерді пайдаланушылардың дауыстары ескерілетін болады, сондай-ақ бюллетеннің әрбір фотосуреті бірегейлікке тексерілетін болады.

Назар аударыңыз! Біз Сіздердің телефон нөмірлеріңізді ашық сақтамаймыз. Тіркеу кезінде нөмірлер автоматты түрде HASH сомасына шифрланады.